Украинадағы соғысқа қарсы акция жасаған журналист 8,5 жылға сырттай сотталды

Ол «Бірінші арнаның» эфиріне плакат ұстап шыққан


04/10/2023
16:25 13891 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Мәскеу соты Ресейдің «Бірінші арнасының» бұрынғы редакторы Марина Овсянникованы «Ресей армиясы туралы жалған ақпарат тарату» бабы бойынша 8,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарды. Бұл туралы сот залынан RusNews басылымы хабарлады.

 

2022 жылдың шілдесінде Кремль түбінде пикетке шыққан Овсянниковаға «саяси жеккөрініш негізінде» Ресей армиясы туралы «фейк таратты» деген айып тағылған. Журналист акцияға «Путин – қанішер, оның солдаттары – фашистер» деген плакат ұстап шыққан. Плакатта Украинада өлген балалардың суреті болған

 

Прокуратура журналисті 9,5 жылға соттауды сұраған.

 

Марина Овсянникова 2022 жылы 14 наурызда «Бірінші арнаның» кешкі жаңалықтар эфирінде сөйлеп отырған диктордың артына шығып, «Соғысты тоқтатыңдар. Пропагандаға сенбеңдер. Бұл жерде өтірік айтады»деген жазуы бар плакат ұстап шыққан. Диктор сөйлеп жатқанда «Соғысты тоқтатыңдар! Соғысқа жол жоқ!» деп айқайлаған. 

 

Кейін оған заңсыз акция өткізгені үшін 30 мың рубль айыппұл салынған. Осыдан соң журналист Ресейден кетіп, немістің Die Welt басылымына ауысқан.

 

Овсянникова эфир кезінде соғысқа қарсы акция жасағаны үшін адам құқығы бойынша Вацлав Гавел атындағы сыйлыққа ие болды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/10/2023 16:25
13891 0

Уведомление